
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен Жер заңнамасының нормаларын қолдану, жерді ұтымды пайдалану және топырақтың тозуына жол бермеу бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Аграрлық кеңес өткізілді.
Кеңесте Қостанай облысының Жер ресурстарын басқару департаментінің, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, “Жерді зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізудің мемлекеттік институты” облыстық филиалының, ” Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы”филиалының өкілдері сөз сөйледі.
Кеңес барысында шаруалар баяндамашыларға оларды толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды.
Кеңес соңында аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қасымханұлы қорытынды жасап, шаруаларға алдағы егіс науқанына сәттілік тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bmalin-audany-akimat/press/news/details/978519?lang=kk

Жауап қалдыру