ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІНЕ АРНАЛҒАН КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департаменттің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы – мемлекеттік еңбек инспекторы Д. Манатқызы «НефтьТехСервис» ЖШС-нің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты сұрақтарына жауаптар берілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1272224?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді