Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» ұжымымен кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» ШЖҚ КМК ұжымымен өткен кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі Т.Нурханова қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға ішкі талдау жүргізудің негізгі принциптері, сондай-ақ заң талаптарды сақтаудың қажеттілігі жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты жауапкершілік пен жаза түрлері, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдарда комплаенс қызметінің маңыздылығы талқыланды.
Сонымен қатар, кездесу барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты жауапкершілік пен жаза түрлері, сондай-ақ квазимемлекеттік ұйымдарда комплаенс-қызметінің маңыздылығы талқыланды. 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманың негізгі бағыттарына ерекше назар аударылып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудың рөлі атап өтілді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-zhambyl/press/news/details/978579?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді