Алдағы кезеңге арналған міндеттер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Қала прокуроры алқа отырысын қорытындылай келе, прокурорлар барлық уәкілетті органдар мен қоғамның жұмысын үйлестіру арқылы «Заң және тәртіп» қағидатын белсенді жүзеге асыруға ат салысу қажеттілігін айқындады.
       Қылмыстылықты, оның ішінде жастар мен әлеуметтік тұрғыдан осал аудандардағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту қажет.
       Прокурорлық қадағалау барлық уәкілетті органдардың күш-жігерін үйлестіруге, профилактикалық шаралардың тиімділігін анықтауға және құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге бағытталған нақты шешімдер қабылдауға бағытталуы тиіс, бұл өз кезегінде қауіпсіз қала қалыптастыруға септігін тигізеді.
        Президент атап өткен міндеттер мен басым бағыттарды  ескере отырып, қала прокуроры оларды жүзеге асыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

 

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/978592?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді