
2026 жылдың 11 тамызында аудан әкімі аппаратының басшысы А.Б. Кенжебеков аудан әкімінің Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау және ақпараттық – талдау жұмысы жөніндегі бас инспекторы В.В. Ильюшенконың, Мемлекеттік қызмет көрсететін ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары мен жауапты мамандарының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандардың қатысуымен Құқықтық жалпыға бірдей оқыту өткізді.
Құқықтық жалпы оқыту барысында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жіберілген бұзушылықтар, сондай-ақ ауданның және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі мәселелері қаралды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және келешекте бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Құқықтық жалпы оқыту қорытындысы бойынша Мемлекеттік мекемелердің басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне және Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандарға мынадай ұсынымдар берілді:
- Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді зерделеу және мүлтіксіз сақтау;
- Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауаптарды дайындау кезінде заңнаманың нақты нормаларын және бас тартуға себеп болған негіздерді көрсету, бас тарту себептерін егжей-тегжейлі түсіндіру. Бас тартулар объективті негіздерді қамтуы және қолданыстағы заңнаманың нормаларымен негізделуі тиіс;
- Мемлекеттік қызмет көрсетудің белгіленген тәртібін қатаң сақтау;
- Өтініштерді уақтылы тіркемеу, сондай-ақ оларды жұмыс уақытынан тыс уақытта тіркеу фактілері алып тасталсын;
- Мемлекеттік қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдерін, оның ішінде дәлелді бас тартуларды ұсыну мерзімдерін бұзуға жол бермеу;
- Қызметтік міндеттерін атқару кезінде тек қана уәкілетті лауазымды адамдардың құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қоюын қамтамасыз ету;
- Тыңдау рәсімін Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына және тиісті мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін реттейтін Қағидаларға қатаң сәйкестікте жүргізу;
- Ауылдық округтердің тұрғындары арасында әлеуметтік желілерді, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарды және басқа да қолжетімді ақпараттық ресурстарды пайдалана отырып, «Электрондық үкімет» порталын пайдалану дағдыларына түсіндіру жұмыстарын және оқытуды тұрақты негізде жүргізу;
- Ауылдық округтердің мемлекеттік органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарының үздіксіз жұмысын

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1272506?lang=ru

Жауап қалдыру