
Мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Т.Сүлейменов Біржан сал ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Степняк-су» ШЖҚ МКК қызметкерлердің жалақыны төлемеу туралы бірден бірнеше өтініші негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында өтініштерде көрсетілген фактілер расталды, ҚР ӘҚБтК 87-бабының 2-бөлігіне сәйкес жалақыны толық көлемде төлемегені үшін айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Бұдан басқа, Е.Т.Сүлейменов еңбек заңнамасын одан әрі бұзуға жол бермеу үшін мекеме ұжымымен “Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау”тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-enbek/press/news/details/1272708?lang=kk

Жауап қалдыру