Міндетті лицензиялау – балалардың қауіпсіздігі мен демалысының сапасын қамтамасыз етудегі маңызды қадам

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 2026 жылғы 1 сәуірден бастап балалардың білім беру-сауықтыру ұйымдарының қызметін міндетті лицензиялау енгізілді.

Лицензиялаудың негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, демалысын сапалы әрі тиісті жағдайларда ұйымдастыру, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымдардың білім беру қызметіне қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.

Осыған байланысты Түркістан облысында Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті балалардың маусымдық білім беру-сауықтыру орталықтарында лицензиялау алдындағы бақылау жүргізді.

Бақылау барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының сақталуы, материалдық-техникалық базаның белгіленген талаптарға сәйкестігі, қажетті ғимараттар мен үй-жайлардың, жабдықтар мен құралдардың болуы, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуы, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, балалардың тұруына, демалуына және бос уақытын өткізуіне арналған жағдайлар, сондай-ақ педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі бағаланды.

Лицензиялау алдындағы бақылау нәтижелері бойынша белгіленген талаптарға сәйкестігін растаған балалардың маусымдық білім беру-сауықтыру орталықтарына білім беру қызметімен айналысуға мемлекеттік лицензиялар берілді.

Жазғы кезеңде Түркістан облысындағы 25 балалардың білім беру-сауықтыру орталығында 37 мыңнан астам балаларға демалыс ұйымдастырылды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1272826?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді