
Жүзу бассейндеріне қойылатын талаптар
Облыстық «Halyq radiosy» радиостанциясының эфирінде «Жүзу бассейндеріне қойылатын талаптар» тақырыбында өткен бағдарламаға Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Тоқтар Бектасов қатысты.
Эфир барысында маман жүзу бассейндеріне қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға тоқталып, судың сапасына, үй-жайлардың тазалығы мен санитариялық жағдайына қойылатын талаптар туралы айтып берді.
Сонымен қатар келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, санитариялық нормалар мен қағидаларды сақтау, сондай-ақ бассейндердің санитариялық жағдайына тұрақты бақылау жүргізу мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1272823?lang=ru

Жауап қалдыру