«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалы қызметкерлеріне құқықтық оқу өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 6 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы                                     С. Дүйсенбай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне ZOOM платформасы арқылы құқықтық оқу өткізді.

Құқықтық оқу барысында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне жасанды интеллект технологияларын енгізу жөніндегі жоспарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді автоматты түрде тағайындау тетігінің іске қосылғаны түсіндірілді.

Атап айтқанда, «Зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды электрондық тағайындау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы:

  • бала тууына және бала күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақыны;
  • көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны;
  • мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға);
  • І топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға тағайындалатын

мемлекеттік жәрдемақыны қолмен өңдеу кезеңін алып тастап, автоматты түрде тағайындау процесіне көшу жүзеге асырылғаны айтылды.

Құқықтық оқу соңында қатысушылардың мемлекеттік қызметтерді автоматты түрде тағайындау тәртібіне қатысты қойған сұрақтарына қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kyzylorda/press/news/details/1272931?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді