Аға буын азаматтар арасында салауатты өмір салтын қолдау — белсенді ұзақ өмір сүрудің негізі. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы басым бағыттардың бірі — созылмалы инфекциялық емес аурулардың алдын алу және барлық жас топтарында, әсіресе егде жастағы адамдар арасында салауатты өмір салтына бейімділікті қалыптастыру. Жас ерекшелігіне байланысты жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, семіздік, тыныс алу мүшелері мен тірек-қимыл аппараты ауруларының даму қаупі артады. Сонымен қатар, салауатты өмір салты принциптерін сақтау көптеген аурулардың даму ықтималдығын айтарлықтай төмендететіні, физикалық белсенділікті, дербестікті және өмір сүрудің жоғары сапасын сақтайтыны дәлелденген.
Белсенді ұзақ өмір сүрудің маңызды факторларының бірі — тұрақты физикалық белсенділік. Егде жастағы адамдарға денсаулық жағдайы мен дәрігердің ұсыныстарын ескере отырып, күн сайын таза ауада серуендеу, таңғы гимнастика жаттығуларын орындау, скандинавиялық жаяу жүрумен, жүзумен немесе басқа да орташа физикалық жүктеме түрлерімен айналысу ұсынылады. Дене шынықтырумен тұрақты шұғылданған жүрек-қан тамырлары жүйесінің нығаюына, дене салмағының қалыпты деңгейін сақтауға, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін жақсартуға және құлаудың алдын алуға ықпал етеді.
Рационалды тамақтану да маңызды рөл атқарады. Күнделікті рацион әртүрлі болуы және онда көкөністер, жемістер, дәнды өнімдер, майсыз сүт өнімдері, балық пен ет жеткілікті мөлшерде болуы тиіс. Тұзды, қантты, қанық майларды және өңделген өнімдерді тұтынуды шектеу қажет.
Денсаулықты сақтау үшін темекі шегуден және алкогольдік ішімдіктерден пайдаланудан бас тарту қажет, себебі бұл факторлар созылмалы инфекциялық емес аурулардың даму және мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупін айтарлықтай арттырады.
Салауатты өмір салтының маңызды құрамдас бөлігі — профилактикалық медициналық тексерулер мен скринингтерден тұрақты өту, артериялық қысымды, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін бақылау, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің ұсыныстарын уақытылы орындау.
Әлеуметтік белсенділіктің маңызы ерекше. Спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларға қатысу, туыстармен және құрдастарымен араласу, сүйікті ісімен айналысу когнитивті функцияларды сақтауға, эмоционалдық жағдайды жақсартуға және белсенді өмірлік позицияны қалыптастыруға көмектеседі.
Салауатты өмір салтына тұрақты ынталандыруды қалыптастыру — аурулардың алдын алудың маңызды бөлігі. Санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын өткізу және салауатты өмір салты принциптерін насихаттау үлкен жастағы азаматтардың денсаулығын сақтауға және белсенді өмір сүру ұзақтығын арттыруға ықпал етеді.
Салауатты ұзақ өмір сүру — бұл денсаулыққа күн сайын күтім жасаудың нәтижесі. Салауатты өмір салты принциптерін сақтау, жеткілікті физикалық белсенділік, рационалды тамақтану және аурулардың уақытылы профилактикасы жұмысқа қабілеттілікті, дербестікті және көп жылдар бойы жақсы көңіл-күйді сақтауға мүмкіндік береді.
Жауап қалдыру