
25 МЫҢ КӨРЕРМЕН ЖӘНЕ АУҚЫМДЫ ДРОН-ШОУ: ӨСКЕМЕНДЕГІ OPEN AIR ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚСЫЗ ӨТТІ
Өскемен қаласында шамамен 25 мың тұрғын мен қонақтың басын қосқан ауқымды Open Air концерті өтті.
Іс-шара барысында көрермендердің қауіпсіздігін полиция қызметкерлері толық қамтамасыз етті. Полиция жасақтары концерт өтетін аумақта, халық көп жиналатын орындар мен оған іргелес учаскелерде күшейтілген режимде қызмет атқарды. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.
Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында мерекелік кеш тыныш әрі ұйымшыл түрде өтті.
Мерекелік бағдарламаның ерекше бөлігі – дрон-шоу болды. Амфитеатр аспанында жүздеген жарқыраған дрон Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы бейнесін жасап шықты, сондай-ақ «Таза Қазақстан», «Адал азамат» және «Заң мен тәртіп» үндеулерін көрсетті.
Көрермендерге арналған музыкалық бағдарламаны еліміздің танымал әншілері Kalifarniya, Ayree және Sadraddin ұсынды.
Мерекелік кеш ешқандай оқыс оқиғасыз аяқталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1273052?lang=ru

Жауап қалдыру