
Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде аға жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Қаденов Бақытжан Қуандықұлының құрметті демалысқа шығуына орай салтанатты іс-шара өтті.
Бақытжан Қуандықұлы өмірінің 20 жылдан астам уақытын азаматтық қорғау органдарындағы қызметке арнап, өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосты.
Маңызды күнде әріптестерімен қатар, оның ең жақын жандары — ата-анасы, жары мен балалары да бірге болды.
Салтанатты шара барысында Бақытжан Қуандықұлына көп жылғы адал қызметі, жоғары кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі мен таңдаған ісіне деген беріктігі үшін шынайы алғыс айтылды.
Мерекелік кештің көркін концерттік бағдарламалар, тақырыптық көріністер мен әріптестерінің құттықтаулары аша түсті. Сөз сөйлегендердің барлығы қызметкердің бөлімшенің жұмысына қосқан үлесін атап өтіп, өмірінің жаңа кезеңінде толағай табыс тіледі.
№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ұжымы Бақытжан Қуандықұлына көп жылғы еңбегі, кәсібилігі мен мамандығына деген адалдығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.
Жаңа өмір кезеңі мықты денсаулыққа, отбасылық береке-бірлікке, бақыт пен қуанышты сәттерге толы болсын!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1273137?lang=ru

Жауап қалдыру