
Талдықорған қаласында 5 мыңға жуық тұрғын мен қонақтың қатысуымен өткен ауқымды іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.
Іс-шара аясында Жетісу облысы әкімінің жыл сайынғы «Көшбасшы – 2026» жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында іс-шара аумағында полиция қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Тәртіп сақшылары қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, іс-шара өтетін аумақ пен оған іргелес жерлердегі жағдайды бақылауда ұстады.
Қабылданған қауіпсіздік шараларының нәтижесінде іс-шара тыныш жағдайда өтіп, қоғамдық тәртіпті бұзу деректері мен төтенше оқиғаларға жол берілген жоқ.
Талдықорған қаласының полициясы бұқаралық іс-шаралар кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1273177?lang=ru

Жауап қалдыру