«Есептегі тұлға»: Жетісуда 778 адам тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық есепте тұрған тұлғаларға бақылауды күшейту мақсатында «Есептегі тұлға» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның екі күнінде тұрғылықты мекенжайлары бойынша профилактикалық есептің әртүрлі санаттарында тұрған 778 адам тексерілді.

Тексеру барысында есепте тұрған тұлғалар тарапынан 39 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, бір материал бойынша шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғаны жазасын өтеуге кері қайтару мәселесін қарау үшін тиісті құжаттар сотқа жолданды.

Профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері есептегі тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тексерулер жүргізіп, заң талаптарын түсіндіруде және қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған тиісті шараларды қабылдауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1273186?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді