
Отбасылық жанжалдың асқынуына жол бермеу: ШҚО-да профилактика мәселелері талқыланды
ШҚО ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасында дағдарыстық жағдайға тап болған отбасыларды ертерек анықтау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын жетілдіру мәселелеріне арналған ведомствоаралық семинар өтті.
Іс-шараға полиция қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім беру салаларының, Отбасын қолдау және дағдарыс орталықтары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Қатысушылар көмекке мұқтаж отбасыларды уақытылы анықтау, профилактика субъектілері арасында ақпарат алмасу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша жүгінулер кезінде әрекет ету алгоритмдері, сондай-ақ зардап шеккендерді қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын талқылады.
Семинар барысында атап өтілгендей, дағдарысқа тап болған отбасын анықтау — алғашқы қадам ғана. Мәселенің себептерін анықтап, қажетті көмек көрсету, жауапты мамандарды бекіту және одан әрі сүйемелдеуді қамтамасыз ету маңызды.
— Ведомствоаралық өзара іс-қимылдың басты міндеті — мәселені басталған кезінен анықтап, отбасына уақытылы көмектесе білу және жанжалдың ауыр қылмысқа ұласуына жол бермеу, — деп атап өтті қатысушылар.
Семинар қорытындысы бойынша тараптар отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуды жетілдіру, азаматтардың құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1273202?lang=ru

Жауап қалдыру