
Тұрғындармен ашық диалог – басты назарда
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен тұрғындардың мәселелерін тікелей тыңдауға бағытталған бірыңғай жеке қабылдау өтті.
Қабылдау барысында жерге қатысты бірқатар мәселелер қаралып, әрбір тұрғынның өтініші жеке зерделенді. Қолданыстағы заңнама аясында мәселелерді шешу жолдары түсіндіріліп, тиісті жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.
Тұрғындардың өтініштерін тек тыңдап қана қоймай, олардың нақты шешімін табу – басты міндет. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, көтерілген мәселелердің орындалу барысы тұрақты бақылауда болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/jerqatynastary/press/news/details/1273251?lang=kk

Жауап қалдыру