
Бүгін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы Әмренованың төрағалығымен Отбасының цифрлық картасын іске асыру, көші-қон саясаты, нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды мониторингтеу, әлеуметтік көмекті біріздендіру, ұжымдық шарттарды жасасу және цифрландыру, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС), сондай-ақ Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ЕШЕБЖ) алшақтықтарды жою мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңеске жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, денсаулық сақтау, білім басқармаларының, мемлекеттік кірістер және полиция департаменттерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Бейнеконференцбайланыс режимінде кеңеске аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, мансап орталықтарының директорлары қосылды.
Кеңес қорытындысы бойынша деректерді өзектендіру, халықпен атаулы жұмысты күшейту және жұмысқа орналастыру жөніндегі шаралардың тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1273207?lang=ru

Жауап қалдыру