«3D-модельдеу және жасанды интеллект» практикалық буткемпі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Заманауи технологиялар мен цифрлық шығармашылыққа қызығатын мектеп оқушыларын, студенттерді, жас дизайнерлерді және барлық ниет білдірушілерді «3D-модельдеу және жасанды интеллект» практикалық буткемпіне шақырамыз!

Екі апталық оқу барысында қатысушылар жасанды интеллект көмегімен идея әзірлеуден бастап, Blender бағдарламасында толыққанды 3D-визуализация жасауға дейінгі жұмыс үдерісін меңгереді.
Буткемп теориялық білімнен гөрі тәжірибеге бағытталған: әрбір қатысушы өз идеясын нақты цифрлық жобаға айналдырады.

Қатысушылар заманауи AI құралдарымен жұмыс істеуді, сапалы промпттар құрастыруды, референстер мен визуалды концепттер жасауды үйренеді. Сонымен қатар жасанды интеллект арқылы қарапайым 3D-модельдер дайындап, оларды Blender бағдарламасына енгізу жолдарымен танысады.

Оқу бағдарламасы Blender-дің негізгі құралдарын меңгеруді, материалдармен және жарықпен жұмыс істеуді, көріністі баптауды, камера орналастыруды және қорытынды рендер жасауды қамтиды.

Буткемп соңында әр қатысушы AI көмегімен әзірленген референстерден, дайындалған 3D-модельден, Blender-де бапталған көріністен және қорытынды визуализациядан тұратын жеке жобасын таныстырады.

Бағдарламаны аяқтаған қатысушылар жасанды интеллектіні 3D-дизайнда қолданудың базалық дағдыларын меңгеріп, идеядан дайын нәтижеге дейінгі 3D-контент жасау үдерісі туралы толық түсінік қалыптастырады.

Буткемп туралы ақпарат:
* Өтетін мерзімі: 17–29 тамыз 2026 жыл
* Басталу уақыты: 14:00
* Ұзақтығы: 2 апта, 12 оқу күні
* Қатысушылардың жасы: 14 жастан бастап
* Өтетін орны: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А
* Форматы: практикалық офлайн буткемп
* Қолданылатын бағдарламалар: Blender және кескіндер мен 3D-модельдерді генерациялауға арналған заманауи AI құралдары

Идеяңызды цифрлық кеңістікке шығарып, алғашқы 3D-жобаңызды жасау мүмкіндігін пайдаланыңыз!
Ұйымдастырушылар: Абай оьылысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен Semey hub және Shakarim University

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-digital/press/news/details/1273070?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді