
Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Ғабдушевтің Ақтөбе облысы Білім басқармасының өкілдерімен бірлескен жұмыс сапары өтуде.
Жұмыс сапары аясында Министрлік пен өңірлік білім басқармасының өкілдері білім беру ұйымдарын аралап, жаңа оқу жылына дайындық, білім беру инфрақұрылымының жағдайы және білім алушыларға қажетті жағдай жасау мәселелерін зерделеуде.
Кезекті аралау барысында жұмыс тобы оқу корпустарын, кабинеттерді, зертханаларды және басқа да үй-жайларды тексеріп, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуына ерекше көңіл бөлуде. Орындарда оқу кабинеттерінің сабақ өткізуге дайындығы, қажетті құрал-жабдықтардың болуы және жасалған жағдайлардың белгіленген талаптарға сәйкестігі зерделенуде.
Колжетімді әрі жайлы білім беру ортасын қамтамасыз етуге бөлек көңіл бөлінуде. Жұмыс тобы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуға арналған жағдайларды, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыруды, мамандандырылған кабинеттер мен қажетті кеңістіктердің болуын зерттеп жатыр.
Сондай-ақ сапар барысында оқытудың заманауи тәсілдерін іске асыру мүмкіндіктері де қарастырылуда. Жұмыс тобының өкілдері жаратылыстану-ғылыми бағытындағы, информатика, робототехника, STEAM, тілдік және қоғамдық-гуманитарлық пәндер кабинеттерін, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық және дене шынықтыру тұрғысынан дамуына арналған орындарды аралап көруде.
Кездесулердің маңызды бөлігі — білім беру ортасын және оқу процесі өтетін жағдайларды тікелей тексеру. Министрлік өкілдері кеңістікті ұйымдастыруға, оқу бөлмелерін жабдықтауға және оқушылардың қажеттіліктеріне сай келетін жағдайларды жасауға баса мән беруде.
Білім беру ұйымдарын аралау нысандардың жаңа оқу жылына дайындығы мен өңірдің білім беру инфрақұрылымының жай-күйі туралы шынайы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control/press/news/details/1273064?lang=ru

Жауап қалдыру