
Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б. Молдашев басқарма қызметкерлерімен әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу, орналастыру және өзектендіру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы №111 қаулысымен бекітілген Қағидалардың негізгі талаптары түсіндірілді.
Кездесуде нұсқаулықтарды әзірлеу, бекіту, ақпараттық жүйелерде орналастыру және заңнамадағы өзгерістерге сәйкес уақтылы өзектендіру мәселелеріне назар аударылды.
Сонымен қатар, әкімшілік және сот практикасын ескеру, сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері арасындағы жауапкершілікті нақты бөлу қажеттігі атап өтілді.
Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және әкімшілік рәсімдерді жүзеге асырудың біркелкілігін қамтамасыз ету.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-tabigat/press/news/details/1273346?lang=ru

Жауап қалдыру