
Құқықтық сауаттылық – мемлекеттік қызметтің тиімділігінің негізі
Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жоспары мен Комитеттің 2026 жылғы 25 мамырдағы аппараттық кеңесінің хаттамасын орындау мақсатында Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылғы 10 тамызда Железин аудандық басқармасының қызметкерлеріне арналған көшпелі семинар өткізді.
Семинар барысында Кәсіпкерлік кодекстің, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау барысында анықталған бұзушылықтар, Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот шығарған жекеше ұйғарымдар, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау кезінде процестік нормалардың сақталуы түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге процестік құжаттарды рәсімдеу бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1273412?lang=ru

Жауап қалдыру