
12 тамызда Астана қаласының туристік саласын дамытудың 2026-2031 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу мақсатында салалық сарапшылар кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу ашық сараптамалық брейншторм форматында ұйымдастырылды. Туристік бизнес өкілдері мен сала сарапшылары Астананы туристік бағыт ретінде позициялау жөнінде өз көзқарастарымен, кәсіби тәжірибелерімен және идеяларымен бөлісті.
Қатысушылар бүгінде елорданың сипаттамаларын баяндап, оның туристерге қандай эмоциялар сыйлайтынын, ерекшеліктерін қонақтар үшін ең тартымды тұстарын және болашақта туристер үшін Астананың қалай ұсынылатынын талқылады.
Сессияның нәтижелері Стратегияны жетілдіру, елорданың туристік позициясын қалыптастыру, сондай-ақ оны ішкі және халықаралық нарықтарда ілгерілету барысында ескерілетін болады.
https://www.instagram.com/p/Db8eTwKoqaM/

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1273693?lang=ru

Жауап қалдыру