
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында пробация қызметі бөлімі Мансап орталығымен бірлесіп бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Іс-шара аясында «жұмыс іздеушілер» санаты бойынша есепте тұрған азаматтармен кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізіліп, оларды қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегі бос лауазымдарға жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке орналасу шарттары, кандидаттарға қойылатын талаптар, сондай-ақ қызмет өткерудің ерекшеліктері мен кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берілді.
Ерекше назар қызметтің әлеуметтік кепілдіктері мен артықшылықтарына аударылды. Қатысушыларға қызмет өтілін жеңілдетілген тәртіппен есептеу мүмкіндігі түсіндірілді: қызметтің бір жылы бір жарым жыл ретінде есептеледі. Бұл заңнамада белгіленген қызмет өтілі болған жағдайда зейнеткерлікке ертерек шығуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қызметкерлерге уақтылы және тұрақты жалақы төленетіні, әлеуметтік кепілдіктер қарастырылғаны және тұрғын үй төлемдері жүзеге асырылатыны туралы ақпарат берілді. Тұрғын үй төлемдерінің мөлшері отбасының әрбір мүшесіне ай сайын 81 000 теңгені құрайды. Бұдан бөлек, қызметкерлер тегін медициналық қызмет алуға және мемлекет есебінен білім алуға мүмкіндік алады.
Осындай іс-шараларды өткізу азаматтарға қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қызметке орналасуға ниетті азаматтар қызметке қабылдау тәртібі, оның шарттары мен әлеуметтік кепілдіктері туралы толық мәлімет ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duissko/press/news/details/1273820?lang=ru

Жауап қалдыру