
2026 жылдың басынан бері Павлодар облысында тамақ дайындау кезінде пешті қараусыз қалдыруға байланысты 219 жағдай тіркелді.
Қазір үй жағдайында қысқы дайындық қызған шақ. Тұрғындар тосап қайнатып, көкөністерді консервілеп, түрлі салаттар әзірлеуде. Төтенше жағдайлар департаменті тамақ пісіріп жатқанда пешті қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ үйден шығар алдында плитаны және электр құрылғыларын міндетті түрде өшіруді ескертеді.
Әсіресе көпқабатты үйлердегі өрттер қауіпті. Мұндай үйлерде ондаған отбасы тұрады. Сондықтан өрт болған жағдайда құтқарушылар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көп күш пен техниканы жұмылдырады.
Соңғы тәулікте құтқарушылар осындай екі оқиғаға шықты.
Мәселен, Ақсу қаласында сағат 19:51-де Камзин көшесіндегі көпқабатты үйден түтін шыққаны туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында төртінші қабаттағы пәтерде әйел адамның жұмысқа кетер алдында электр плитасын өшірмегені анықталды. Плитада кастрөлде тосап қайнап тұрған. Осыған ұқсас жағдай Павлодар қаласында да болды. Көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде әйел адам плитада тосап қайнатып, оны қараусыз қалдырып, өзі залға кеткен. Соның салдарынан пәтерді түтін басқан. Екі жағдайда да өрттің үлкен зардаптарға әкелуіне жол берілмеді.
Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді!
Тамақ пісіріп жатқанда пешті қараусыз қалдырмаңыз. Үйден шығар алдында плита мен барлық электр құрылғыларының өшірілгенін тексеріңіз.
Үйдегі қарапайым шаруалар үлкен қайғыға айналмасын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1273836?lang=ru

Жауап қалдыру