АҚЖОЛ ҚҰРМАНБЕК — АЗИЯНЫҢ ЕКІ ЖАҢА РЕКОРДЫНЫҢ АВТОРЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарқан ауданының тумасы, жерлесіміз Ақжол Құрманбек Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшымыз жұлқа көтеруде 160 келіні, серпе көтеруде 198 келіні бағындырды. Қос сайыс қорытындысы бойынша 359 келі нәтиже көрсетіп, Азияның екі жаңа рекордын орнатты.

Бұл — Ақжолдың ғана емес, Сарқан ауданының да зор мақтанышы!

Жерлесімізді айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Ақжолға алдағы жарыстарда сәттілік тілеп, көк туымызды биіктерде желбірете беруіне тілектеспіз!

Жеңісті жолың жалғаса берсін, Ақжол!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1274032?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді