Шымкент тұрғыны құқыққа қайшы контент үшін жауапкершілікке тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok платформасында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнематериалдар жариялаған ер адамды анықтады.

Жарияланған бейнежазбаларда ер адамның жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны, сондай-ақ бейәдеп сөздер айтып, былапыт сөздер қолданғаны анықталды.

Құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол ұсталды. Аталған фактілер бойынша ер адамға қатысты әкімшілік материалдар толтырылды. Сот шешімімен ер адам 8 тәулікке қамауға алынды.

Полиция ескертеді: әлеуметтік желілерде құқыққа қайшы контент жариялау, қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы ережелерін бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1274029?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді