Қызылорда облысының аумағында «Заң мен Тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу деректерінің жолын кесу және жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 1200 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 98, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың – 38, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген көліктерге қатысты – 81, көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланудың – 113, қауіпсіздік белдігін тақпау және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзудың – 361 дерегі анықталды. Сонымен қатар масаң күйде көлік құралын басқарудың – 8, көлік құралын басқару құқығы жоқ жүргізушілердің көлік басқаруының – 59, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің қайта көлік басқаруының – 8 дерегі тіркелді. Әкімшілік шаралар нәтижесінде 91 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ қозғалысын шектеу мақсатында 206 автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1274044?lang=ru

Жауап қалдыру