
⚖️ Профилактикалық бақылау және қадағалау — мемлекеттік бақылау құралдарының бірі болып табылады. Ол еңбек заңнамасының бұзушылықтарын алдын ала анықтауға және олардың салдарын болдырмауға мүмкіндік береді
Осындай іс-шаралар шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторлары кәсіпорындарға барып, жұмыс берушілердің еңбек заңнамасы талаптарын сақтауын тексереді.
Осыған байланысты, «Clinic Miras» ЖШС-не еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы мәніне профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізілді.
Бақылау қорытындысы бойынша еңбек заңнамасының бұзушылықтары анықталып, жұмыс берушіге оларды жою туралы нұсқама берілді.
🔎 Профилактикалық бақылаудың басты мақсаты — бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар жұмыс берушіге оларды уақтылы жоюға және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-enbek/press/news/details/1274187?lang=ru

Жауап қалдыру