«Қылмыстың қайталануының алдын алу»жобасын іске асыру аясында Косшы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен пробация қызметі және Косшы қаласы полиция бөлімі бірлесіп, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың тұрғылықты жері бойынша тексеру рейдін өткізді.
Рейд барысында есепте тұрған тұлғалардың тұрмыстық жағдайы зерделеніп, олардың тіркелген мекенжайында нақты тұруы, сондай-ақ сот жүктеген шектеулер мен міндеттерді сақтауы тексерілді.
Мұндай профилактикалық іс-шараларды өткізу қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға, есепте тұрған тұлғалардың сот белгілеген міндеттері мен шектеулерін сақтауын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың одан әрі әлеуметтік бейімделуіне бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1274183?lang=ru

Жауап қалдыру