СОР31 аясында кездесулер

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Түркия Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев Түркияның Қоршаған орта, урбандалу және климаттың өзгеруі министрлігінің және COP31 Төрағалығы кеңсесінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Анкара қаласында Түркияның Қоршаған орта, урбандалу және климаттың өзгеруі министрінің орынбасары, COP31 CEO-сы және Түркияның климат мәселелері жөніндегі бас келіссөз жүргізушісі Фатма Варанкпен, сондай-ақ Түркияның Қоршаған орта, урбандалу және климаттың өзгеруі министрінің орынбасары Бурак Демиральппен кездесулер өтті.

Келіссөздер барысында тараптар БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы Тараптарының 31-ші конференциясына (COP31) дайындық барысын талқылады.

Халықаралық климаттық күн тәртібі аясында Қазақстан мен Түркия арасындағы одан әрі өзара іс-қимылға, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және COP31 қарсаңындағы бірлескен жұмысты үйлестіруге ерекше назар аударылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар климаттық күн тәртібі мәселелері бойынша сындарлы диалог пен тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екендерін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1274219?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді