
«Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында полиция қызметкерлері абаттандыру қағидалары мен табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
– Қаланың бау-бақша серіктестіктерінің бірінде жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында жер қойнауын заңсыз пайдалану, атап айтқанда, тиісті рұқсатсыз құм өндіру фактісінің жолы кесілді. Құқық бұзушыға қатысты материал жиналып, қарау және құзыреті шегінде шешім қабылдау үшін Павлодар облысының Экология департаментіне жолданды, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Азамат Күркебаев.
Полиция экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу және табиғатты қорғау заңнамасының талаптарының сақталуын бақылау бойынша жұмысты жалғастыруда. Мұндай рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, өңірдегі тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1274227?lang=ru

Жауап қалдыру