«Заң мен тәртіп» қағидатын басшылыққа ала отырып, Астрахан ауданы прокуратурасының бастамасымен жергілікті атқарушы органдармен және пробация қызметімен бірлесіп, «Жастар» аудандық спорт кешенінде аудан тұрғындары мен пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қатысуымен спорттық жарыстар өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, тұрғындарды спортпен шұғылдануға тарту, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтардың қоғамға әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету.
Жарыс барысында қатысушылар спорттың бірнеше түрінен бақ сынап, белсенділік танытты. Іс-шара достық әрі тартысты жағдайда өтіп, қатысушылар арасындағы өзара сыйластық пен командалық рухты нығайтуға ықпал етті.
Жарыс қорытындысы бойынша I, II және III орындарды иеленген қатысушылар грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және азаматтарды қоғамдық өмірге белсенді тартуға бағытталған осындай профилактикалық іс-шараларды өткізу алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1274241?lang=ru

Жауап қалдыру