
«Көкшетау ЖЭО» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесу өткізілді, іс-шара барысында қатысушыларға шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.
Шетелдік жұмыскерлер үшін квоталау және рұқсат құжаттарын ресімдеу тәртібіне, ішкі еңбек нарығын қорғау тетіктеріне, сондай-ақ жергілікті азаматтарды жұмысқа орналастырудың басымдығына ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті, онда кәсіпорын өкілдері шетелдік мамандарды тарту рәсімдері туралы сұрақтарға толық жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1274205?lang=ru

Жауап қалдыру