
Іс-шара барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен айтылды. Қатысушылар есірткіге тәуелділіктің әлеуметтік салдары, оның алдын алу жолдары және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырудың маңызы жөнінде пікір алмасты. Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті. Жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын ұстануға және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-yshkudyk/press/news/details/1274312?lang=ru

Жауап қалдыру