
️Құрметті Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде, бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруда және бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады. Сіздердің жауапкершіліктеріңізге, кәсібиліктеріңізге және адал еңбектеріңізге мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы тікелей байланысты.
Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби қызметтеріңізге табыс, жаңа жетістіктер және ертеңгі күнге деген сенім тілеймін!
Құрметпен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1274342?lang=ru

Жауап қалдыру