
АПВ (адам папилломавирусы) — ең көп таралған вирустардың бірі. Ол бірқатар онкологиялық аурулардың, соның ішінде жатыр мойны обырының дамуына байланысты.
Қазіргі таңда АПВ-ны ағзадан жоюға мүмкіндік беретін арнайы емдеу әдісі жоқ. АПВ-ның арнайы алдын алудың негізгі әдісі — вакцинация.
💉 ВАКЦИНАЦИЯ — АЛДЫН АЛУ
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 13 мамырдағы №7 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес АПВ-ға қарсы вакцинациялау контингенті кеңейтілді.
Енді 14 жастан 17 жас 11 ай 29 күнге дейінгі қыздарға АПВ-ға қарсы вакцинация қосымша ерікті негізде жүргізіледі.
🛡️ НЕГЕ БҰЛ МАҢЫЗДЫ?
-
Вакцинация АПВ-ның ең қауіпті түрлерін жұқтырудың алдын алуға көмектеседі.
-
АПВ ұзақ уақыт бойы ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін.
-
Жасөспірім кезеңіндегі профилактика вирустың ықтимал жұқтырылуына дейін қорғаныс қалыптастыруға мүмкіндік береді.
-
Вакцинация — АПВ-мен байланысты онкологиялық аурулардың алдын алудың маңызды әдістерінің бірі.
Вакцинацияның қауіпсіздігі медициналық бақылауда. Вакцина алғандар арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
❤️ АПВ-ға қарсы вакцинация — болашақтағы денсаулықты сақтау және онкологиялық аурулардың алдын алуға қосқан үлесіңіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsek-abay/press/news/details/1274425?lang=ru

Жауап қалдыру