«IPHONE 16» маркалы 17 дана ұялы телефондарының тәркіленуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана қаласы Әділет департаментінің «Мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бойынша аумақтық бөлімі» филиалының орындауында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының атқару парағы негізінде «IPHONE 16» маркалы 17 дана ұялы телефондарын мемлекет кірісіне тәркілеу туралы атқарушылық іс жүргізу болды.
Атқару құжатының талабын орындау шеңберінде мемлекеттік сот орындаушымен «IPHONE 16» маркалы 17 дана ұялы телефондары тәркіленіп, «ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті» РММ-не берілді.
Жоғарыда көрсетілген атқару өндірісі бойынша шаралар қолдану барысында сот актісінің талаптары толық орындалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-astana/press/news/details/1274534?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді