Абай облысында қоғамдық орында мас күйінде болудың 5 500-ден аса фактісінің жолы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бағытында полиция қызметкерлері тарапынан тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері өңір аумағында алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келуге байланысты 5 557 фактінің жолы кесілді.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермеу – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.

«Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе масаң күйде жүру азаматтардың өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да қолайсыздық тудыруы мүмкін. Сондықтан мұндай фактілер анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Біздің мақсатымыз – азаматтарды жазалау ғана емес, ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау», – дейді учаскелік полиция инспекторы Шалаганов Темирлан.

Сонымен қатар, полиция тарапынан кәсіпкерлік қызметтің заң талаптарына сәйкес жүргізілуіне де бақылау жасалуда.

Жыл басынан бері тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырудың 132 фактісі анықталды.

Полицияның мәліметінше, кәсіпкерлік қызметті белгіленген талаптарды сақтамай жүзеге асыру құқықтық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін. Осыған байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі түсіндіріледі.

Алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заң талаптарының сақталуы да полицияның жіті назарында.

Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 203 фактісі анықталды.

Полиция қызметкерлері алкоголь өнімін өткізу кезінде белгіленген талаптарды сақтау қажеттігін ескертеді. Әсіресе өнімді өткізу тәртібі мен заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау – кәсіпкерлік субъектілерінің негізгі міндеттерінің бірі.

«Алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы талаптар барлық сауда субъектілері үшін бірдей. Кәсіпкерлерді қолданыстағы нормаларды сақтауға шақырамыз. Заң талаптарын білу және оны орындау – құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі», – дейді полиция қызметкерлері.

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары тек анықталған фактілер бойынша шара қолданумен шектелмейді. Профилактикалық түсіндіру, азаматтармен және кәсіпкерлік субъектілерімен ақпараттық жұмыс жүргізу де тұрақты түрде жүзеге асырылады.

Абай облысының полициясы азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға, заң талаптарын орындауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1274564?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді