ТҮРКІСТАН ЖАСТАРЫ БІР ТОЛҚЫНДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістанда қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен Халықаралық жастар күніне орай «Түркістан жастары: бір толқында!» атты мерекелік кеш өтті.
«Жібек жолы» саябағында өткен шарада жастардың өнері, спорттағы жетістіктері мен шығармашылық әлеуеті көрініс тапты. Кеш бағдарламасында би және музыкалық қойылымдар, сән көрсетілімі, акробатикалық шоу және түрлі ойын-сауық бағдарламалары мен мерекелік отшашу ұсынылды.
Қала басшысы Әзімбек Пазылбекұлы жастарды мерекемен құттықтап, түркістандық ел мақтаныштары мен жастардың шаһар дамуына қосар үлесін атап өтті.
«Бір толқында болу – елдік мұрат жолындағы үндестік деп білемін. Білімге құштарлық, жаңа идеяға ұмтылыс пен елге деген жауапкершілік – Түркістан жастарының басты қасиеті болуы тиіс. Қаламыздың келешегі – сіздердің қолдарыңызда», – деді қала әкімі.
Бүгінде Түркістанда 78 361 жас тұрады. Бұл – қала халқының 31,4 пайызын құрайды.
Жас түркістандықтар спорт, білім, ғылым, өнер және жаңа технологиялар салаларында жоғары нәтижелер көрсетіп, қаланың мерейін үстем етіп келеді. Олардың қатарында халықаралық және республикалық додаларда топ жарып жүрген спортшылар, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен түрлі байқауларда жүлде алған жастар бар.
Мерекелік кеш жастардың бірлігі мен белсенділігін, шығармашылық әлеуеті мен жаңа бастамаларға деген ұмтылысын айқындай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1274593?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді