
Ақжар және Лепсі ауылдық мәдениет үйлерінен жолданған хакім Абай Құнанбайұлының 181 жылдығына арналған поэзия мен ән эстафетасын Жыланды ауылдық мәдениет үйі зор қуанышпен, ыстық ықыласпен қабыл алды.
Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының мол мұрасы – халқымыздың рухани байлығы мен ұлттық құндылықтарының алтын арқауы. Ақынның тағылымы терең өлеңдері мен ғибратты қара сөздері ұрпақты білімге, еңбекке, адамгершілікке және ел бірлігіне үндейді.
Осы игі бастаманы жалғастыра отырып, ақынның өсиетке толы өлең жолдары мен сырлы әндерінен рухани шашу шашамыз. Абай мұрасын дәріптеу – ұлы ойшылдың өнегесін кейінгі ұрпаққа жеткізудің жарқын үлгісі.
Абайдың асыл мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын таусылмас рухани қазына!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhylandy/press/news/details/1274625?lang=ru

Жауап қалдыру