ШҚО-дағы хоккей маусымы «Торпедоның» жеңісімен басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Өскеменде 2026/2027 жылғы хоккей маусымы басталды. Қазақстан кубогы аясында шығысқазақстандық «Торпедо» өз айдынында көкшетаулық «Арланды» 3:2 есебімен жеңді.

Матч басталар алдында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Торпедоның» 2018 жылғы тәрбиеленушісі Мейрам Әли (жаттықтырушылары: Михаил Лазоренко және Александр Шин) дәстүрлі түрде шайбаны ойынға қосты. Алғашқы минуттардан-ақ командалар жоғары қарқын көрсетті. Алаң иелері алғашқы екі кезеңде екі шайба соқса, соңғы жиырма минутта «Арлан» есеп айырмасын барынша қысқартты. Алайда қонақтар есепті теңестіре алмады. Ойын нәтижесінде «Торпедо» : есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Шығыс Қазақстандағы жаңа маусым тартысты ойынмен, лық толы трибуналармен және өскемендік команданың алғашқы жеңісімен басталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1274658?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді