
Астанада 11 қаңтар күні жаппай жүгіру іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Өтетін орны – Ботаникалық саябақ. Жарыстың жалпы қашықтығы – 4 км. Жарысқа қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сол күні күні сағат 08:30-10:00-ге дейін өтеді.
Жарыстың басталуы сағат 10:00-де. Финиш сызығында қатысушылардың бәріне естелік медальдар беріледі.
Жаппай жүгіруге кез келген адам қатыса алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/914418
Жауап қалдыру