Балалардың құқықтарын қорғау, жазғы кезеңдегі балалар қауіпсіздігі түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Алматы қаласы Балалар құқын қорғау басқармасының қызметкерлері қаладағы №4, №28, №29, №36 емханалардың қызметкерлеріне арналған маңызды оқыту-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Есірткіге қарсы күрес, Киберқылмысқа қарсы күрес басқармаларының өкілдері де қатысып, медицина қызметкерлеріне маңызды ақпараттар берді. Шара барысында ата-аналар ретінде де, медицина мамандары ретінде де балалардың құқықтарын қорғау, жазғы кезеңдегі балалар қауіпсіздігі (терезеден құлаудың алдын алу, судағы және жол бойындағы қауіпсіздік) жан-жақты түсіндірілді.
  Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, лудоманияның, киберқылмыстың және есірткі заттарының таралуының алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды. Қандай да бір төтенше жағдайлар орын алғанда дереу хабарласу қажет арнайы қызметтер мен сенім телефондары аталып өтіп, қатысушыларға пайдалы ақпараттық парақшалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1274714?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді