Ақтауда Қазақстан Премьер-лигасының ойындары қайта жанданды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтауда жаңартылған «Жас Қанат» стадионында Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясында жергілікті «Каспий» мен Семейдің «Елімай» командалары арасында матч өтті. Ойынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты. Кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды.

Бұл матч Ақтау футболындағы маңызды оқиғалардың біріне айналды. Ұзақ үзілістен кейін қалада Қазақстан чемпионатының үй матчтары жаңартылған стадионда қайта өткізіле бастады. «Каспийдің» «Жас Қанат» стадионындағы Премьер-лига аясындағы соңғы ресми ойыны 2023 жылы өткен болатын.

Кездесу тартысты әрі динамикалық сипатта өтті. Екі команда да шабуылға мән беріп, қақпа маңында бірқатар қауіпті сәттер ұйымдастырды. Нәтижесінде ойын 2:2 есебімен тең аяқталды.

«Премьер-лиганың Ақтауға қайта оралуы – өңірдегі футболды дамытудағы маңызды қадам. Қала және облыс тұрғындарының жоғары деңгейдегі матчтарды өз стадионында тамашалау мүмкіндігіне ие болуы біз үшін аса маңызды. Екі командаға да тартысты ойын көрсетіп, жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлағаны үшін алғыс айтамын. Үлкен футболдың Ақтауға қайта оралуы жас спортшыларға қосымша серпін беріп, Маңғыстауда футболдың дамуына жаңа мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Премьер-лига матчтарының жаңартылған «Жас Қанат» стадионына қайта оралуы өңірде кәсіби және балалар-жасөспірімдер футболын дамытуға, спорт инфрақұрылымын нығайтуға және жанкүйерлер мәдениетін қалыптастыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1274762?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді