САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданында шегіртке зиянкесін  химиялық өңдеу жұмыстары Ақжар, Әлімтау, Дарбаза, Дербісек, Жылға, Жібек жолы, Тегісшіл, Қызылжар ауылдық округтерінің аумағында жалпы 81,3 мың гектарда жүргізілуде.

 

Қазіргі  ахуалға алаңдаған аудан  басшысы жауаптыларға жұмысты ширатуды, жауапкершілігін арттыруды ескертті.

 

15 секторда ошақтарды анықтауға  500-ге жуық адам жұмылдырылған. Залалсыздандыру жұмыстары арнайы техникалармен және аспалы бүріккіштермен жүзеге асуда. Мамандар дернәсілдер анықталған алаңдарды тұрақты бақылауында ұстап отыр.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді