Тарбағатай аудандық мәслихатының кезекті XXVII сессиясы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілі қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2024 жылғы аудандық, ауылдық округ бюджеттерінің орындалуы туралы есебі, Тарбағатай ауданы бойынша тұрғын-үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы, Тарбағатай  аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы  «Тарбағатай  аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» №11/4-VIII шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы, Тарбағатай ауданы бойынша бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды және олардың шекті толу нормаларын, оларды материалды техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пайдалану тәртібін, пикеттеуді өткізуге тиым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы, «Тарбағатай ауданының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу  туралы мәселелері  болды.

Күн тәртібіне бекітілген мәселелердің шешім жобасы аудандық мәслихат депутаттарына ұсынылып, жиын барысында есептері мен баяндамаларына сұрақтарын қойды, дауысқа салынып, тиісті шешімдер қабылданды.

Күн тәртібіндегі Тарбағатай аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 14 ақпандағы санды №32 санды шығыспен жолданған ұсынысы және Тарбағатай аудандық мәслихатының «Әлеуметтік сала және тұрғындарды әлеуметтік қорғау, депутаттық өкілеттілігі, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі » тұрақты комиссия отырысының  2025 жылғы 26 ақпандағы №2 қабылдаған қаулысы негізінде, «Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты С.Демесиновтың мәслихат регламентінде белгіленген депутаттық әдеп қағидаларын бұзғаны үшін жазалау шараларын қолдану мәселесі бойынша депутаттардың басым дауысымен «Көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр ету» жазасын қолдану жөнінде шешім қабылданды. Қолданылған жаза туралы ақпарат аудан аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Жиын соңында аудан әкімі 2024 жылы ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылғанын  және  алдағы уақытта да   әр мәселені  бірлесе шешіп, береке-бірлікте  жұмыс атқаруға шақырды.


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді