
Жол қателікті кешірмейді
Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды күшейтті.
ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Рифхат Тауфиков патрульдік полиция батальон экипаждарымен бірге қала көшелерінде рейдтік іс-шара өткізді. Полицейлер Жол жүрісі қағидаларының сақталуын қадағалап, оған қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіруі мүмкін бұзушылықтарға ерекше назар аударды.
Рейд барысында жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, оларға жылдамдық режимін, маневр жасау ережелерін және Жол ережелерінің басқа да талаптарын сақтау қажеттілігі ескертілді.
«Жолдағы қауіпсіздік – жай ғана талап емес, бұл әрқайсымыздың амандығымыздың кепілі. Рөлге отырған әрбір жүргізуші өзінің ғана емес, өзгелердің де өмірі үшін жауапты екенін ұмытпауы тиіс. Біздің басты мақсатымыз – айыппұл салу емес, қайғылы оқиғалардың алдын алу және адам өмірін сақтап қалу. Сондықтан мұндай қатаң бақылау жұмыстары, әсіресе көлік ағыны көп болатын әсіресе демалыс күндері тұрақты түрде жалғасады», – деп атап өтті Рифхат Шафихұлы.
Полицейлер жүргізушілерді асықпауға, ережелерді қатаң сақтауға және жолда мейлінше мұқият болуға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1274825?lang=ru

Жауап қалдыру