
Өскеменде полиция қызметкері жоғалған шетелдік 12 жастағы баланы тауып, ата-анасына табыстады
2026 жылғы 16 тамызда сағат 15:30 шамасында Өскемен қаласының сауда үйлерінің бірінде Қытай Халық Республикасының 12 жастағы азаматы жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен.
Кәмелетке толмаған баланың ата-анасымен бірге қалаға турист ретінде келгені белгілі болған. Сауда үйіне келген кезде бала адасып қалып, ата-анасын өз бетінше таба алмаған.
Оқиға орнына Өскемен қаласы ПБ ЖПҚБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Бекжан Акрашов дереу жеткен. Полиция қызметкерлері шұғыл түрде іздестіру іс-шараларын ұйымдастырған.
Полицейлердің үйлесімді әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында 40 минут ішінде 12 жастағы Zhang Tang Bo табылды. Бала ата-анасына табысталды.
Кәмелетке толмаған баланың анасы полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі үшін шын жүректен алғысын білдірді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1274833?lang=ru

Жауап қалдыру