Балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу саласындағы ТМД елдері арасындағы келісім

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы төлеу саласындағы ТМД елдері арасындағы келісім

Әлеуметтік қорғау – мемлекеттің азаматтар алдындағы маңызды міндеттерінің бірі. Ал балалы отбасыларды қолдау – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының қатарында. Себебі отбасының әлеуметтік тұрақтылығы қоғамның әл-ауқаты мен болашағына тікелей әсер етеді.

Қазіргі таңда азаматтардың жұмысқа орналасу, тұру немесе отбасылық жағдайына байланысты бір мемлекеттен екінші мемлекетке қоныс аударуы қалыпты жағдайға айналды. Осындай кезде олардың әлеуметтік құқықтарының, оның ішінде балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды алу құқығының сақталуы маңызды.

Осы мақсатта Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттер арасында әлеуметтік қорғау саласындағы бірқатар халықаралық келісімдер жасалды.

Келісім не үшін қажет?

Балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеу саласындағы келісімнің негізгі мақсаты – ТМД мемлекеттерінің аумағында тұратын немесе еңбек ететін азаматтардың балалы отбасыларға арналған әлеуметтік жәрдемақыларға байланысты құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау.

Азаматтың тұрғылықты жерінің немесе әлеуметтік мәртебесінің өзгеруі оның балаларына байланысты әлеуметтік қолдау алу құқығын негізсіз шектемеуі тиіс.

Келісім мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды реттеуге, сондай-ақ отбасы мүшелері әртүрлі мемлекеттерде тұратын немесе азамат басқа ТМД еліне көшіп кеткен жағдайларда әлеуметтік жәрдемақыларға қатысты мәселелерді шешуге құқықтық негіз қалыптастырады.

Келісімге қандай мемлекеттер қол қойды?

Балалары бар отбасыларға жәрдемақы төлеу саласындағы кепілдіктер туралы келісім 1994 жылғы 9 қыркүйекте Мәскеу қаласында жасалды.

Келісімге бастапқы кезеңде 9 мемлекет қол қойды:

* Қазақстан Республикасы;

* Ресей Федерациясы;

* Беларусь Республикасы;

* Қырғыз Республикасы;

* Тәжікстан Республикасы;

* Армения Республикасы;

* Молдова Республикасы;

* Украина Республикасы;

* Өзбекстан Республикасы.

Алайда Украина 2024 жылғы 12 сәуірде аталған халықаралық шарттың қолданысын тоқтатты.

Келісімнің басты мәні – бала мүддесін қорғау

Бүгінде азаматтардың мемлекеттер арасында еркін қозғалысы жағдайында әлеуметтік құқықтардың сақталуы ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда, ТМД мемлекеттері арасындағы балалы отбасыларға жәрдемақы төлеу саласындағы келісім – әлеуметтік құқықтарды қорғауға және мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды құқықтық тетік.

Келісімнің түпкі мақсаты – азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау және балалары бар отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімді әрі әділ жүзеге асуына жағдай жасау.

Өйткені баланы әлеуметтік қорғау – бүгінгі отбасыға көрсетілген көмек қана емес, қоғамның ертеңгі әл-ауқатына жасалған маңызды инвестиция.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1275238?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді