Балалардың қауіпсіздігі – басты назарда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтау қаласы маңындағы «Tetys Blu» демалыс орнында ұйымдастырылған «Толқын Fest» іс-шарасы барысында «Назар аударыңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасы Ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері қызмет атқарды.

Ювеналды полиция қызметкерлері іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың қатысуымен болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Полиция қызметкерлері:

  • балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті;

  • кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылыққа жол бермеуін бақылауда ұстады;

  • ата-аналар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді;

  • қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуына назар аударды.

Сонымен қатар, ата-аналарға балалардың бос уақытын бақылауда ұстау және олардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!

https://www.instagram.com/reel/DcGR36HKKqB/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1275233?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді